11.09.2025 19:41
Тьяго Алькантара «Барселонаның» бапкерлік штабына оралды
11.09.2025 19:41
Тьяго Алькантара «Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Фликтің штабына қосылды
34 жастағы маман бүгін каталониялық клубтағы алғашқы жаттығуына қатысты. Тьяго тактика мен команданың дайындық барысына жауапты болады екен.
Бұрынғы жартылай қорғаушы осыған дейін де Фликтің көмекшісі болып қызмет атқарған еді. Алайда көп ұзамай, бір айдан кейін орнын босатты.
Тьяго футболшы ретінде «Барселонаның» намысын 2008-2013 жылдар аралығында қорғаған болатын.
Ла Лиганың үш турынан кейін жеті ұпай жинаған «блауграна» турнир кестесінің төртінші сатысында келеді. Ханси Флик шәкірттері келесі ойынын «Валенсияға» қарсы өз алаңында өткізеді. Аталған кездесу 14 қыркүйекке белгіленген.