01.09.2025 11:13

Флик: «Барселона» жеңіске лайық болмады»

01.09.2025 11:13

«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитен Флик «Райо Вальеканомен» (1:1) ойынға қатысты пікір білдірді.

— «Мынадай ойынмен жеңіске жетсек, әділ болмас еді. Біз жеңіске жетуге міндетті едік, алайда «Райо» – төтеп бере алады. Командаға мүлде көңілім толмады. Бүгін ойынымыз жүрмеді. Екінші таймда «Райо» біршама қауіп төндірді. Абырой болғанда, бізде Жоан Гарсия есімді тас-қамал қақпашы бар,— деді Флик.

Каталониялық ұжым биылғы маусымда алғаш рет ұпайдан шашау шығарды. Ла Лиганың 3-туры аясында «Райо Вальеканоға» қонаққа барып, 1:1 есебімен тең тарқасты. «Барселона» сапында Ламин Ямаль пенальтиден гол соқса, алаң иелері құрамында Фран Перес мергендік танытты.

Осылайша, еншісінде жеті ұпайы бар «блауграна» турнир кестесінде төртінші орынға орнықты.

Енді «Барселона» келесі турда өз алаңында «Валенсияны» қабылдайды. Аталған кездесу 14 қыркүйекке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram