06.09.2025 17:46
«Барселона» Руни Бардагжиді тіркеді
06.09.2025 17:46
«Барселона» жақын арада Руни Бардагжиді Ла Лигаға тіркейді
Mundo Deportivo мәліметінше, Ла Лига 19 жастағы вингерді тіркеу жөніндегі ұсынысты мақұлдаған екен.
Бардагжи әлі ресми түрде тіркелген жоқ. Дегенмен, лига каталониялық клубқа мәселенің шешілгенін хабарлапты.
Енді швециялық футболшы 4-турдағы «Валенсияға» қарсы ойынға шақырту алуы мүмкін.
Су жаңа «Камп Ноу» стадионында өтеді деп жоспарланып отырған кездесу 14 қыркүйекке жоспарланған.