19.09.2025 10:09
Фати тұсаукесер ойынында гол соқты
19.09.2025 10:09
Чемпиондар лигасының бірінші турында «Монако» «Брюггеге» 1:4 есебімен жеңіліп қалды
Аталған кездесуде Ансу Фати жаңа командасында дебют жасап, монегаскілердің жалғыз голын соқты.
Осылайша испаниялық шабуылшы араға 22 ай салып, мергендік танытты. Соңғы рет 2023 жылдың қазанында «Брайтон» сапында жүріп, Еуропа лигасында «Аякс» қақпасының торын тулатқан еді.
Айта кетейік, «Монако» өткен жазда Фатиді «Барселонадан» сатып алу мүмкіндігімен жалға алған болатын.