13.10.2025 16:25

Ольмо Эль-Класикоға қатыса ма?

13.10.2025 16:25

Дани Ольмоның жағдайы белгілі болды

«Барселона» жартылай қорғаушысы балтыр бұлшықетін зақымдап алып, қатардан шыққан еді.

Елена Кондистің мәліметінше, Ольмо алаңға шамамен 2-3 аптадан кейін оралады екен.

Ал маусымдағы алғашқы Эль-Класико 26 қазан күні Мадридте өтеді. Сондықтан испаниялық футболшы Ла Лиганың 10-туры аясында ойында командасына көмектесе алмауы мүмкін.

Ольмо биылғы маусымда 10 матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram