10.10.2025 17:16

Дани Ольмо жарақат алды

10.10.2025 17:16

Испания құрамасының ойыншысы Дани Ольмо жарақат алды

«Барселона» жартылай қорғаушысы балтыр бұлшықетін зақымдап алып, бүгінгі жаттығуға қатыспаған екен.

Енді ертең, 11 қазанда өтетін Грузияға қарсы матчта командасына көмектесе алмауы мүмкін.

Екі ойыннан кейін алты ұпай жинап, қақпасына бірде-бір гол өткізбеген «қызыл фурия» Е тобында көш бастап келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram