19.09.2025 16:31

Дани Ольмо ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

19.09.2025 16:31

«Барселона» ойыншысы Дани Ольмо мансабын ПСЖ-да жалғастыруы мүмкін

Fichajes мәліметінше, париждік клубтың бас бапкері Луис Энрике Ольмоны өз командасында көргісі келеді.

Ал Don Balon хабарлауынша, ПСЖ испаниялық жартылай қорғаушы үшін 65 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасауға әзір екен.

«Барселона» төл түлегін 2024 жылдың тамыз айында «Лейпцигтен» 62 миллион еуроға сатып алған болатын. Ольмо биылғы маусымда бес матчқа қатысып, бір нәтижелі пастың авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram