04.10.2025 19:10
Ямаль Эль-Класикоға қатыса ма?
04.10.2025 19:10
«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик шәкірті Ламин Ямальдың жағдайы жайлы пікір білдірді

— «Ямальдың қашан оралатыны бізге белгісіз. Оның жарақаты жеңіл емес. Екі, үш бәлкім төрт аптадан кейін қатарымызға қосылатын шығар, білмеймін. Эль-Класикоға қатысу-қатыспауында нақты айта алмаймын,– деді Флик.
Осыған дейін 18 жастағы вингер шап тұсындағы жарақатына байланысты 2-3 аптаға қатардан шыққан еді.
Ал маусымдағы алғашқы Эль-Класико Ла Лиганың 10-туры аясында 26 қазан күні Мадридте өтеді.