27.01.2026 22:29
«Барселона» жаңа ойыншымен толықты
27.01.2026 22:29
Ювенсли Онстейн «Барселона» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «блауграна» 18 жастағы қорғаушыны «Генктен» сатып алады. Қос тарап толықтай келісімге келді. Ювенсли «Барселона Атлетик» командасында ойнайтын болады.
Онстейн «Генктің» жастар клубында 20 матч өткізген. Одан бөлек Нидерландтың U18 және U16 құрамаларында ойнаған.
Айта кетейік, «блауграна» кеше Уругвайдың «Дефенсор» клубынан 19 жастағы қорғаушы Патрисио Пасификоны жалға алған еді.