27.01.2026 19:02

Дуглас Луис «Астон Виллаға» ауысады

27.01.2026 19:02

«Ноттингем Форестте» жалда ойнап жүрген «Ювентус» футболшысы Дуглас Луис «Астон Виллаға» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Бирмингемнің клубы 27 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушыны сатып алу мүмкіндігімен маусым соңына дейін жалға алды. Қос тарап ауызша келісімге келіпті. Жақында трансфер ресми түрде хабарланады.

Осылайша Луис «Астон Вилла» жейдесін қайта киетін болды. Бұған дейін ол «арыстандардың» намысын 2019-2024 жылдары аралығында қорғаған еді. Ал осы маусымда 14 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, 23 турдан кейін 46 ұпай жинаған Унаи Эмери шәкірттері Ағылшын Премьер-лигасында үшінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram