27.01.2026 15:08
Йылдыз «Ювентуспен» келісімшартты ұзартады
27.01.2026 15:08
Кенан Йылдыз «Ювентусте» қалады

Tuttosport хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын. Жаңа шартқа сәйкес, 20 жастағы түркиялық вингердің бір жылдағы жалақысы алты миллион еуроны құрайды екен.
Кенан Турин клубының намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 29 матчта тоғыз гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді. Ал қазіргі келісімшарты 2029 жылдың жазында аяқталады.