27.01.2026 14:49
«Реал» ойыншысына «Тоттенхэм» ұсыныс жасады
27.01.2026 14:49
«Реал» жартылай қорғаушысы Орельен Тчуамени мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, 26 жастағы французға «Тоттенхэм» 100 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасаған екен. Одан бөлек оны «Ливерпуль» де өз қатарынан көргісі келеді.
Тчуамени «Реал» сапына 2022 жылы «Монакодан» ауысып келген еді. Ол осы маусымда 28 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.