27.01.2026 12:24
Харри Кейн «Баварияда» қалады
27.01.2026 12:24
«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн клубта қалады

Sky Sports хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2028 не 2029 жылға дейін ұзарту туралы ресми келіссөз бастады. Харридің өзі жаңа құжатқа қол қоюға дайын екен.
32 жастағы ағылшын форварды Мюнхеннің клубына 2023 жылы «Тоттенхэмнен» 95 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 30 матчта 34 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.