27.01.2026 09:33
Фермин Лопес «Барселонамен» келісімшартты ұзартуға жақын
27.01.2026 09:33
Фермин Лопес «Барселонада» қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту туралы ауызша келісімге келді.
Жаңа шартқа сәйкес, Ферминнің жалақысы айтарлықтай артады. Ол жаңа құжатқа осы аптада қол қояды екен.
22 жастағы Испания құрамасының жартылай қорғаушысы осы маусымда 22 матчта 10 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.