27.01.2026 09:15

Тер Штеген «Жиронада» дебют жасады

27.01.2026 09:15

Марк-Андре тер Штеген «Жирона» сапындағы алғашқы матчын өткізді

33 жастағы неміс қақпашысы «Хетафеге» (1:1) қарсы дебют ойынында бір гол өткізіп, бір сейв жасады.

Оның ойынына қатысты команда бас бапкері Мичел пікір білдірді.

– «Ол ғаламат матч өткізді. Марк команданың ойынына айтарлықтай үлес қосты, сондай-ақ соңғы минуттарда керемет сейв жасады»,– деді 50 жастағы испан маманы.

«Жирона» Тер Штегенді «Барселонадан» маусым соңына дейін жалға алған еді. Ал 21 турдан кейін 25 ұпай жинаған команда Испания Ла Лигасында 10-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram