27.01.2026 11:33

Винисиус ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

27.01.2026 11:33

Винисиус Жуниор жақында клуб ауыстыруы мүмкін

El Nacional хабарлауынша, Винисиус пен «Реал» келісімшартты ұзарту бойынша бір мәмілеге келе алмай жатыр. Бұл мәселе сәуір айына дейін шешілмесе, Вини клубтан кетуге дайын екен.

Қазір 25 жастағы бразилиялық вингерге ПСЖ қызығушылық танытып отыр. Ал Винисиус жылына 30 миллион еуро жалақы алуды көздейді.

Винисиус осы маусымда 31 матчта жеті гол соғып, 11 нәтижелі пас берді. Оның қазіргі келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram