27.01.2026 17:06
«Арсенал» – «Қайрат» матчының төрешілері белгілі болды
27.01.2026 17:06
Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің 8-туры аясында «Қайрат» сырт алаңда «Арсеналмен» кездеседі

Бұл матчта Швейцариядан келген төрешілер тобы жұмыс істейді.
Атап айтсақ бас төреші қызметін Урс Шнидер атқарады. Оған қос қапталдан Марко Цюхер мен Беньямин Цюхер көмектеседі. VAR жүйесіне Федайи Сан және Петр Ласык (Польша) жауапты. Ал төртінші қазы Свен Вольфенсбергер болады.
Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтетін кездесу ертең, 28 қаңтар күні сағат 01:00-ге жоспарланған.