27.01.2026 19:46

Пьянич «Ақтөбеге» ауыспайды

27.01.2026 19:46

Миралем Пьянич мансабын аяқтағанын хабарлады

Қазір клубсыз жүрген 35 жастағы жартылай қорғаушы бутсасын шегеге ілуді жөн көрді.

Босния және Герцеговина құрамасының бұрынғы дүлдүлі мансабында «Барселона», «Ювентус», ЦСКА, «Рома», «Мец», «Лион», «Бешикташ» және БАӘ-нің «Шарджа» клубында ойнаған. Карьерасында жалпы 781 матч өткізіп, 94 гол мен 161 нәтижелі пасты еншісіне жазды. Сондай-ақ бас-аяғы 13 трофей жеңіп алды.

Осыған дейін Пьяничтің «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін екені жөнінде қауесет тараған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram