26.01.2026 22:22
«Барселона» жаңа ойыншымен толықты
26.01.2026 22:22
Патрисио Пасифико «Барселонаға» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «блауграна» 19 жастағы сол қаптал қорғаушысын Уругвайдың «Дефенсор» клубынан маусым соңына дейін жалға алды. Сондай-ақ 1,8 миллион еуроға сатып алу құқығы қарастырылған. Патрисио «Барса Б» командасында ойнайтын болады.
Пасифико мансабында 44 матч өткізіп, екі гол соққан.