26.01.2026 21:41

Джейдон Санчо «Наполиге» ауысуы мүмкін

26.01.2026 21:41

«Астон Виллада» жалда ойнап жүрген «Манчестер Юнайтед» вингері Джейдон Санчо «Наполиге» ауысуы мүмкін

Corriere dello Sport хабарлауынша, Италия чемпиондары келер жазда шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отыр екен.

Санчодан бөлек Неапольдің клубы Абде Эззалзули («Бетис»), Жереми Бога («Ницца»), Даниэль Мальдини («Аталанта») және Арман Лауриентеге («Сассуоло») қызығушылық танытуда.

22 турдан кейін 43 ұпай жинаған «Наполи» Италия А Сериясында төртінші орында келеді. Антонио Контенің шәкірттері келесі матчын 28 қаңтар күні Чемпиондар лигасында «Челсиге» қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram