26.01.2026 21:23

«Баварияның» екі ойыншысы қатарға оралды

26.01.2026 21:23

«Бавария» қорғаушылары Саша Боэ мен Йосип Станишич қатарға оралды

Қорғаныстың оң қапталында ойнайтын қос футболшы бүгінгі жаттығуға қатысыпты.

Боэ тұмауратып қалып, 6 желтоқсаннан бері ойнамады. Ал Станишич тобығындағы жарақатына байланысты соңғы төрт матчтан тыс қалды.

Айта кетейік, 19 турдан кейін 50 ұпай жинаған Мюнхеннің клубы Германия Бундеслигасында көш бастап тұр. Венсан Компани шәкірттері келесі ойынын ертең, 28 қаңтар күні Чемпиондар лигасында ПСВ-ге қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram