26.01.2026 21:08

Иван Перишич «Интерге» оралуы мүмкін

26.01.2026 21:08

ПСВ жартылай қорғаушысы Иван Перишич «Интерге» оралуға жақын

Экрем Конурдың хабарлауынша, 36 жастағы хорват вингері бұрынғы клубымен 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болатын келісімшартқа қол қояды.

Иванның өзі ПСВ-дан кетуге дайын екен. Нақты шешім келесі аптада қабылданады.

Перишич осыған дейін «Интер» намысын 2015-2019 және 2020-2022 жылдары қорғаған еді. Ол осы маусымда 27 матчта бес гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram