26.01.2026 20:29

Пакета мансабын «Фламенгода» жалғайды

26.01.2026 20:29

«Вест Хэм» жартылай қорғаушысы Лукас Пакета «Фламенгоға» ауысуға жақын

The Athletic хабарлауынша, қос клуб толықтай келісімге келді. «Фламенго» трансфер үшін 41,25 миллион еуро төлейді.

Осылайша Пакета Бразилия чемпионатына келіп қосылған ең қымбат ойыншы болмақ. Бұған дейінгі рекорд «Зениттен» «Крузейроға» 30 миллион еуроға ауысқан Жерсонға тиесілі болды.

28 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы осы маусымда 19 матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram