26.01.2026 15:20

«Реал» ойыншысы «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін

26.01.2026 15:20

«Реал» қорғаушысы Трент Александер-Арнольд «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, «қалалықтар» қорғаныстың оң қапталын күшейткісі келеді. Осыған байланысты Манчестердің командасы 27 жастағы англиялық ойыншыға көз тігіп отыр.

Тренттің Мадрид клубындағы болашағы бұлыңғыр. Оның «бланкостағы» алғашқы маусымына клуб басшылығының көңілі толмай жатыр екен. Сондықтан «Реал» қомақты ұсыныс түссе сатып жіберуге дайын.

Александер-Арнольд «Реал» сапына өткен жазда «Ливерпульден» келіп қосылған еді. Осы аралықта ол 16 матчқа қатысып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram