26.01.2026 22:02
АПЛ әлемнің үздік лигасы атанды
26.01.2026 22:02
Ағылшын Премьер-лигасы әлемдегі ең үздік чемпионат деп танылды

IFFHS нұсқасы құраған рейтингте АПЛ 2359 ұпаймен топ жарды. Екінші орынға Испания Ла Лигасы (2073) жайғасса, үздік үштікті Бразилия А Сериясы (1999) түйіндеді.
Одан бөлек алдыңғы ондықтың қатарына Италия А Сериясы (1972), Германия Бундеслигасы (1880), Франция Бірінші лигасы (1502), Португалия Примерасы (1145), Аргентина Апертурасы (1089), Нидерланд Эредивизиі (1067) және Колумбия Примерасы (1025,5) бар.
Ал Қазақстан Премьер-лигасы бұл тізімде 204,5 ұпаймен 74-сатыға жайғасқан.