23.04.2026 19:43
«Атлетико» Гризманның орнына футболшы тапты
23.04.2026 19:43
«Боруссия» жартылай қорғаушысы Юлиан Брандт «Атлетикоға» ауысуы мүмкін

Marca хабарлауынша, Мадридтің клубы 29 жастағы неміс футболшыны «Орландо Ситимен» келісімшартқа отырып қойған Антуан Гризманның орнына қарастырып отыр.
Брандт «матрасшылар» сапына тегін қосылуы мүмкін. Себебі ол Дортмунд клубымен 30 маусымда аяқталатын келісімшарты ұзартпайды. Осыған дейін «аралардың» директоры Ларс Риккен Юлианмен келісімге келе алмағанын айтқан еді.
Брандт «Боруссия» қатарына 2019 жылы «Байерден» 25 миллион еуроға келіп қосылған еді. Ол осы маусымда 37 матчта 11 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.