24.03.2026 19:21

Гризманн «Орландо Сити» ойыншысы атанды

24.03.2026 19:21

Антуан Гризманн «Атлетикодан» «Орландо Ситиге» ауысты

Қос тарап 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ оны тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

35 жастағы француз шабуылшысы MLS клубына шілде айында қосылады. Ол жаңа командасында 7-нөмірмен доп тебеді.

Гризманн – 211 голымен «Атлетиконың» тарихтағы үздік сұрмергені. Ол осы маусымда 43 матчта 13 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram