24.03.2026 18:07

Қазақстан — Венгрия матчы Түркістанда өтпейді

24.03.2026 18:07

Қазақстан мен Венгрия арасындағы матчтың өтетін орны ауысты

Алғашында жолдастық ойын Түркістанда болады деп жоспарланған. Алайда қос тараптың келісімі бойынша Дебрецен қаласындағы «Надьердеи» стадионына ауыстырылды.

Аталған матч 9 маусым күні өтеді. Одан үш күн бұрын біздің жігіттер Ереванда Армениямен шеберлік байқасады.

Ал осы айда ел құрамасы Астанада өтетін FIFA Series турнирінде сынға түседі. Отандастарымыз алғашқы матчты 25 наурызда Намибияға қарсы өткізеді. Содан кейін 31-і күні Комор Аралдарымен кім мықтыны анықтайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram