24.03.2026 13:45
Вагнер Лав мансабын аяқтады
24.03.2026 13:45
«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Вагнер Лав мансабын аяқтады

Бразилиялық шабуылшы 41 жасында бутсасын шегеге ілетінін хабарлады. Ол 28 наурыз күні «Ретро» сапында соңғы матчын өткізеді.
Вагнер Лав «Қайрат» намысын 2020-2022 жылдары аралығында қорғаған еді. Осы аралықта 57 ойында 27 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Қазақстан чемпионы (2019/20) атанып, Ел кубогын (2020/21) иеленді.
Одан бөлек мансабында «Монако», ЦСКА, «Фламенго», «Мидтьюлланд», «Бешикташ» және «Коринтианс» секілді белгілі клубтарда доп тепкен.