24.03.2026 12:47
Кунде, Бальде, Де Йонгтың жағдайы белгілі болды
24.03.2026 12:47
«Барселонаның» жарақат алған ойыншылары Алехандро Бальде, Жюль Кунде және Френки де Йонгтың жағдайы белгілі болды

Фернандо Полоның хабарлауынша, сол аяғының бұлшық етін зақымдап алған Бальде қатарға халықаралық үзілістен кейін оралады. Дәл осындай жарақаты бар Кунде үш аптадай емделеді. Ал оң аяғы мазалайтын Де Йонг 11 сәуір күні өтетін «Эспаньолға» қарсы матчқа дайын болады екен.
29 турдан кейін 73 ұпай жинаған «Барселона» Испания Ла Лигасында көш бастап тұр. «Блауграна» келесі кездесуін 4 сәуір күні ішкі біріншіліктің аясында «Атлетикоға» қарсы өткізеді.