23.03.2026 22:23

Ханси Флик Ла Лиганың үздік бапкері атанды

23.03.2026 22:23

Ханс-Дитер Флик Испания Ла Лигасының наурыздағы үздік бапкері атанды

Оның тұсында «Барселона» осы айда «Атлетикті» (1:0), «Севильяны» (5:2) және «Райо Вальеканоны» (1:0) тізе бүктірді.

Осылайша 61 жастағы неміс маманы дауыс беру нәтижесінде «Атлетико» тәлімгері Диего Симеоне мен «Леванте» жаттықтырушысы Луиш Каштруды артқа тастады.

29 турдан кейін 73 ұпай жинаған «Барселона» ішкі біріншілікте көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram