23.03.2026 22:05
«Арсенал» ойыншысы қатардан шықты
23.03.2026 22:05
«Арсенал» қорғаушысы Габриэль жарақат алды

28 жастағы бразилиялық ойыншы Лига кубогының финалы аясындағы «Манчестер Ситиге» (0:2) қарсы матчта оң аяғының сан бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты ол Бразилия құрамасының алдағы Франция (26 наурыз) мен Хорватияға (1 сәуір) қарсы жолдастық ойындарына қатыспайды.
Бұған дейін «зеңбірекшілердің» сапында Уильям Салиба мен Эберечи Эзенің жарақат алғаны белгілі болған еді.
Габриэль осы маусымда 38 матчта төрт гол соғып, бес нәтижелі пас берді.