23.03.2026 21:48

Осимхенге ота жасалды

23.03.2026 21:48

«Галатасарай» шабуылшысы Виктор Осимхеннің жағдайы белгілі болды

27 жастағы нигериялық форвард «Ливерпульге» (0:4) қарсы матчта оң қолын сындырып алған еді.

Осыған байланысты бүгін оған ота жасалып, бәрі ойдағыдай өткен екен. Салдарынан Виктор шамамен алты аптадай командасына көмектесе алмайды.

Осимхен Ыстамбұлдың клубына өткен жазда «Наполиден» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 29 матчта 19 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram