23.03.2026 19:04
Мбемо мен Шешко құрама ойындарына қатыспайды
23.03.2026 19:04
«Манчестер Юнайтед» ойыншылары Брайан Мбемо мен Беньямин Шешко қатардан шықты

Қос футболшы денсаулығына байланысты халықаралық матчтарға қатыспайды. Атап айтсақ, Мбемо Камерун құрамасына, ал Шешко Словенияға көмектесе алмайды. Екеуі Манчестерде қалып, ем қабылдайды екен.
Ал ауырып қалған Нуссаир Мазрауи керісінше сауығып кетті. Енді ол Ұлттық құрамасы Мароккоға аттанады.
31 турдан кейін 55 ұпай жинаған «Манчестер Юнайтед» Ағылшын Премьер-лигасында үшінші орында келеді. Майкл Кэррик шәкірттері келесі ойынын АПЛ аясында 13 сәуір күні «Лидске» қарсы өз алаңында өткізеді.