23.03.2026 18:50
Ла Лига клубы бапкерсіз қалды
23.03.2026 18:50
«Севилья» бас бапкері Матиас Алмейданы жұмысынан босатты

Андалусиялықтар онымен келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды.
52 жастағы аргентиналық маман «қызыл-ақтарды» өткен жазда тізгіндеген еді. Оның тұсында команда 10 рет жеңіске жетіп, жеті ойында тең түссе, 15 матчта қарсыласына жол берді.
Испания чемпионатының 29 турынан кейін 31 ұпай жинаған «Севилья» турнир кестесінде 15-орында келеді.