23.03.2026 16:03
«Ливерпуль» ойыншысы қатардан шықты
23.03.2026 16:03
«Ливерпуль» вингері Федерико Кьеза қатардан шықты

Медициналық тексерістен кейін 28 жастағы футболшының ойнауға 100% дайын емес екені белгілі болды.
Осыған байланысты ол Италия құрамасының 26 наурызға жоспарланған Солтүстік Ирландияға қарсы матчына қатыспайды. «Скуадра Адзурра» «Ливерпульмен» ақылдаса отыра, оны клубқа қайтаруды жөн көріпті. Ал Федериконың құрамадағы орнын «Болонья» ойыншысы Николо Камбьяги басады.
Бұған дейін Мерсисайд клубында Уго Экитике, Мұхамед Салах және Алиссон Бекер жарақат алған еді.
Кьеза осы маусымда 32 матчта үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді.