23.03.2026 15:47
Дамир Марат Ұлттық құрамаға шақырту алды
23.03.2026 15:47
«Қайсар» қорғаушысы Әділет Кеңесбек қатардан шықты

30 жастағы ойыншы Қазақстан Премьер-лигасы 3-турындағы «Ордабасыға» (0:2) қарсы матчта бұлшық етін зақымдап алыпты. Медициналық тексерістен кейін оның алдағы матчтарға қатыса алмайтыны анықталды.
Осыған байланысты Кеңесбектің орнына Ұлттық командаға «Тобылдан» Дамир Марат шақыртылды. 25 жастағы вингер әлі ел құрамасында дебют жасамаған.
Қазақстан Астанада өтетін FIFA Series турнирінде сынға түседі. Отандастарымыз алғашқы матчты 25 наурыз күні Намибияға қарсы өткізеді.