23.03.2026 12:01
Салиба қатардан шықты
23.03.2026 12:01
«Арсенал» қорғаушысы Уильям Салиба жарақат алды

24 жастағы француз Лига кубогының финалы аясында болған «Манчестер Ситиге» (0:2) қарсы матчта тобығын зақымдап алыпты.
Осыған байланысты Франция құрамасының алдағы ойындарына қатыспайды. Оның орнына «Кристал Пэласта» ойнайтын Максенс Лакруа шақырту алды.
Салиба осы маусымда 38 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.