23.03.2026 11:46
Гризманн «Орландо Сити» ойыншысы атанады
23.03.2026 11:46
«Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманн «Орландо Ситиге» ауысады

35 жастағы француз бірер күннен кейін АҚШ-қа барып, MLS клубымен 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Сондай-ақ оны тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар.
Ал клуб қатарына шілде айында еркін агент ретінде қосылады. Ол өзіне 7-нөмірді алып қойыпты.
Гризманн — 211 голымен «Атлетиконың» тарихтағы үздік сұрмергені. Ол осы маусымда 43 матчта 13 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.