23.03.2026 03:57
«Реал» «Атлетикодан» басым түсті
23.03.2026 03:57
Испания Ла Лигасының 29-турында «Реал» өз алаңында «Атлетиконы» тізе бүктірді

«Бернабеу» стадионында өткен Мадрид дербиі 3:2 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Винисиус Жуниор дубль жасаса, Федерико Вальверде бір гол соқты. Ал «Атлетиконың» құрамында Адемола Лукман мен Науэль Молина мергендік танытты. Сондай-ақ 77-минутта Федерико Вальверде алаңнан қуылды.
Осылайша «бланкос» 69-ұпайын еншілеп турнир кестесінде екінші орында қалды. Ал «матрасшылар» 57 ұпаймен төртінші келеді.
Альваро Арбелоаның шәкірттері келесі турда «Мальоркаға» қонаққа барса, Диего Симеоненің командасы «Барселонаны» қабылдайды.