22.03.2026 19:58
«Барселона» жеңіске жетті
22.03.2026 19:58
Испания Ла Лигасының 29-турында «Барселона» өз алаңында «Райо Вальеканоны» 1:0 есебімен тізе бүктірді

«Камп Ноу» стадионында өткен кездесуде жалғыз голды 24-минутта Рональд Араухо соқты.
Осылайша «блауграна» 73-ұпайын олжалап турнир кестесінде көш басында қалды.
Ханси Фликтің шәкірттері келесі турда 4 сәуір күні «Атлетикоға» қонаққа барады.