22.03.2026 17:04
Росеньор «Челсиден» қуылуы мүмкін
22.03.2026 17:04
«Челси» бас бапкері Лиам Росеньор маусым соңында қызметінен кетуі мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, 41 жастағы ағылшын маманының Лондон клубындағы болашағы бұлыңғыр. «Көктердің» басшылығы оның жұмысына риза емес. Егер «Челси» Чемпиондар лигасының келер маусымына жолдама алмаса, Росеньор жұмысынан қуылады.
Росеньор «Челсиді» 8 қаңтарда тізгіндеген еді. Оның тұсында команда 10 рет жеңіске жетіп, екі мәрте тең түссе, жеті ойында қарсыласына жол берді.
31 турдан кейін 48 ұпай жинаған «Челси» Ағылшын Премьер-лигасында алтыншы орында келеді. Клуб соңғы төрт ойын қатарынан ұтылып келеді.