22.03.2026 14:11

«Манчестер Юнайтед» АПЛ жұлдызына көз тікті

22.03.2026 14:11

«Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Бруну Гимарайнш «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

UOL Esporte хабарлауынша, манкуниандықтар бірнеше апта бұрын 28 жастағы бразилиялық ойыншының агентімен кездесіп, келіссөз жүргізіпті. «Сауысқандар» ойыншысын шамамен 70 миллион еуроға бағалап отыр.

«Манчестер Юнайтед» көз тіккен футболшылар қатарында Брунудан бөлек Сандро Тонали («Ньюкасл») мен Эллиот Андерсон («Ноттингем Форест») бар.

Гимарайнш осы маусымда 35 матчта тоғыз гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram