22.03.2026 12:55
«Алтын доптан» басты үміткерлер белгілі болды
22.03.2026 12:55
Goal порталы 2026 жылғы «Алтын доптан» басты үміткер ойыншыларды атады

Рейтингтің көшін «Бавария» шабуылшысы Харри Кейн бастады. Екінші орынға «Реал» сайыпқыраны Килиан Мбаппе жайғасса, үштікті «Барселона» вингері Ламин Ямаль түйіндеді.
Топ-10 мынадай:
Харри Кейн («Бавария»)
Килиан Мбаппе («Реал»)
Ламин Ямаль («Барселона»)
Майкл Олисе («Бавария»)
Луис Диас («Бавария»)
Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»)
Рафинья («Барселона»)
Винисиус Жуниор («Реал»)
Деклан Райс («Арсенал»)
Витинья (ПСЖ).
Былтыр жүлдені ПСЖ дүлдүлі Осман Дембеле иеленген еді.