22.03.2026 00:46
«Челси» ірі жеңіліске ұшырады
22.03.2026 00:46
Ағылшын Премьер-лигасының 31-турында «Челси» сырт алаңда «Эвертонға» жол берді

Ливерпульде өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Бету дубль жасаса, Илиман Ндайе бір гол соқты.
Осылайша Лондонның клубы қатарынан төртінші матчта жеңіліс тапты. «Көктер» турнир кестесінде 48 ұпаймен алтыншы орында келеді.
Лиам Росеньор шәкірттері келесі турда 12 сәуір күні «Манчестер Ситиді» қабылдайды.