21.03.2026 22:04

«Хартс» жеңіске жетті

21.03.2026 22:04

Шотландия Премьершипінің 31-турында «Хартс» өз алаңында «Дандиді» 1:0 есебімен жеңді

Эдинбургте өткен кездесуде жалғыз голды Ойсин Макэнти 77-минутта соқты.

Ал отандасымыз Ислам Чесноков 86-минутта алаңға Клаудио Браганың орнына шығып, ақырғы ысқырыққа дейін ойнады.

Осылайша «жүректер» 66-ұпайын олжалап турнир кестесінде көш басындағы орнын нықтады. Исламның командасы келесі турда 5 сәуір күні «Лингвистонға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram