22.03.2026 11:51
ПСЖ рекорд орнатты
22.03.2026 11:51
Франция Бірінші лигасының 27-турында ПСЖ сырт алаңда «Ниццаны» 4:0 есебімен тізе бүктірді

Осылайша Париждің клубы осы маусымдағы голдар санын 101-ге жеткізді. Нәтижесінде қатарынан 14 маусым 100+ гол соққан алғашқы Франция клубы атанды.
26 турдан кейін 60 ұпай жинаған Луис Энрике шәкірттері ішкі біріншілікте көш бастап тұр. Келесі турда команда 3 сәуір күні «Тулузаны» қабылдайды.