22.03.2026 12:07
Экитикенің жағдайы белгілі болды
22.03.2026 12:07
«Ливерпуль» шабуылшысы Уго Экитикенің жағдайы белгілі болды

23 жастағы француз форварды АПЛ 31-турындағы «Брайтонға» қарсы матчта жарақат алып, небәрі 8-минутта алаңдағы орнын босатқан еді.
Алайда жарақаты көпшілік ойлағандай ауыр емес екен. Ол жай ғана санынан соққы алыпты. Сондықтан Франция құрамасының қосынына барады.
Экитике осы маусымда 42 матчта 17 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.