22.03.2026 13:43
«Барселона» жаңа қақпашы алмақ
22.03.2026 13:43
«Барселона» «Реал Сосьедад» қақпашысы Алекс Ремироға көз тікті

Diario Sport хабарлауынша, Каталонияның клубы оны жазда Жоан Гарсияға бәсекелес ретінде қатарға қосқысы келеді. Жақында «блаугрананың» спорт директоры Деку 30 жастағы испаниялық голкипердің агентімен кездесіп, келіссөз жүргізіпті.
Ремиро осы маусымда 31 матчта 47 гол өткізіп, үш ойында қақпасына доп жібермеді. Оның Сан-Себастьян клубымен келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Ал оған сәйкес оны сатып алу құны 70 миллион еуроны құрайды.