22.03.2026 16:14
Кунде «Барселонадан» кетуі мүмкін
22.03.2026 16:14
«Барселона» қорғаушысы Жюль Кунде жақында клуб ауыстыруы мүмкін

Маттео Мореттоның хабарлауынша, Каталонияның клубы 27 жастағы француз ойыншымен қош айтысуға дайын. Егер жақсы ұсыныс түскен жағдайда оны сатып жіберуге әзір екен.
Кунде «блауграна» сапына 2022 жылы «Севильядан» ауысып келген еді. Ол осы маусымда 40 матчта үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Ал келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.